×

БҚО-да есепші 7 млн теңге бюджет қаражатын құмар ойынға салған

Кінәсі дәлелденсе, ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

БҚО-да есепші 7 млн теңге бюджет қаражатын құмар ойынға салған
Фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында есепші 7 млн теңге бюджет қаражатын құмар ойынға жұмсап жіберген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәліметінше, оқиға Қаратөбе ауданында болған.

Қаратөбе ауданы прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 189-бабы 3-бөлімі 1-тармағына (ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сәйкес материалды тіркеп, БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолдады.

"Қаратөбе ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімі "Жастар ресурстық орталығы" КММ есепшісінің құмар ойынмен айналысқаны анықталды. Есепші басшының рұқсатынсыз және бұйрығынсыз оның ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, 7 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырған. Есепші жауабында өзінің және жұбайының атына ашылған жеке кәсіпкерлік субъектісіне бюджет қаржысын бірнеше рет аударып келгенін айтты. Қазіргі таңда оны экономикалық тергеп-тексеру департаменті күдікті ретінде таныды. Кінәсі дәлелденген жағдайда, оған 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін", – деп хабарлады ведомстводан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →