×

Шымкенттен шыққан 54 жолаушы мінген автобус аударылып қалды

Автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалған

Шымкенттен шыққан 54 жолаушы мінген автобус аударылып қалды
Фото: ашық дереккөзден

17 наурызда Ресейде Неміс ұлттық округіне қарасты Гришковка ауылы маңында Шымкент-Новосибирск бағытымен келе жатқан жолаушылар автобусы аударылып қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ресей Алтай өлкесі бойынша ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көлік жолдан шығып кетіп, автобус бүйіріне аударып қалған.

Оқиғаға автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалуы себеп болған. Автобуста 56 адам болған - екі жүргізуші және 54 жолаушы, оның ішінде үш бала. 7 адам зардап шеккен (жеңіл жарақат, зардап шеккендер арасында балалар жоқ). Барлығын жедел жәрдем қызметкерлері тексерді. Бір адам Славгород ауруханасына жатқызылған.

Автобус тек аударылған болмаса, жүріп тұр. Оны жүргізушілер Қазақстанға алып кетті. Ал жолаушыларды межелі жеріне жеткізу үшін басқа автобус берілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →