×

Мәскеудегі теракт: бірнеше адам қаза тапты

Алдын ала болжам бойынша, оқ автоматтан атылуы мүмкін

Мәскеудегі теракт: бірнеше адам қаза тапты

Мәскеуде Crocus City Hall концерт залында «Пикник» тобының концерті алдында атыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазір адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды.
Белгісіз біреулер «Крокус Сити холл»ғимаратына оқ жаудырды. Қазір адамдар эвакуацияланып жатыр»,- делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, оқ автоматтан атылуы мүмкін. Белгілі болғандай, бұл кезде «Пикник» тобының концерті болып жатқан.

Куәгерлердің айтуынша, атысты автоматпен қаруланған адамдар жасаған. Содан кейін кешен ішінде дүрбелең басталған. 
Ресейлік басылымдардың хабарлауынша, камуфляж киген үш адам Crocus City Hall ғимаратында оқ жаудырған. Атқан екі адам видеоға түсіп қалған.

Алдын-ала болжам бойынша, Ресейлік басылым мәліметінше, 40 адам қаза тауып, тағы 100-ден аса адам жарақат алған.

Алдағы демалыс күндері Мәскеуде және Мәскеу облысында барлық ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шаралар тоқтатылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →