×

Ақтауда әскерилерге қысым көрсеткен взвод командирі қызметінен кетті

Ол билігін асыра пайдаланған

Ақтауда әскерилерге қысым көрсеткен взвод командирі қызметінен кетті
Фото: freepik

Әскерилерге қысым көрсеткен взвод командирі қызметінен кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 2023 жылғы тамызда Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде взвод командирінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге билігін асыра пайдалану дерегі тіркелді. Бұл дерек бойынша тергеу іс-шаралары жүргізіліп, Ақтөбе гарнизоны әскери сотының шешімімен тараптардың татуласуына байланысты іс тоқтатылды.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңының 26-бабы 2-тармағына сәйкес сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін әскери қызметші теріс себептермен Қарулы күштердің қатарынан босатылады.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу, әскери ортадағы жарғыға жат әрекеттерді анықтап, олардың жолын кесу мәселесі Қарулы күштер басшылығының ерекше бақылауында. Мұндай әрекетке жол бергендерге құқықтық және тәртіптік шара қолданылады.

Қарулы күштерде мұндай құқықбұзушылықтың бірен-саран фактісі тіркеледі. Алайда олар назардан тыс қалмайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте 8-сынып оқушысы өзіне-өзі қол салды
Бүгін, 17:24

Шымкентте 8-сынып оқушысы өзіне-өзі қол салды

Қайғылы оқиға жасөспірімнің өз үйінде болған
84 жастағы қаламгердің денсаулығы күрт сыр берген
Өртті сөндіруге 140-тан астам қызметкер және шамамен 40 бірлік техника жұмылдырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →