×

Күрек ұстауға қабілеттімін деген жаңа министр елдегі су тасқынынан кейін үндеу жасады

Ақтөбе, Қостанай, Абай, Батыс Қазақстан облыстарында жағдай күрделі

Күрек ұстауға қабілеттімін деген жаңа министр елдегі су тасқынынан кейін үндеу жасады
Коллаж Qaz365.kz

Еліміздің бірнеше аймағында қардың күрт еруінен жылдағы әдет бойынша су тасқыны болып жатыр. Әсіресе, Ақтөбе, Қостанай, Абай, Батыс Қазақстан облыстарында жағдай күрделі. Күні кеше Астананың іргесіндегі Қоянды ауылында адамдарды наразылық білдіріп жолды жапқан. Орал қаласында төтенше жағдай жарияланды. Осыдан кейін Шыңғыс Әрінов үндеу жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Кеше республика бойынша су тасқыны жағдайының күрделенуіне байланысты министрліктің барлық бөлімшесі күшейтілді. Өңірлерде әкімдіктермен бірлесіп, су басуға қарсы іс-шаралар өткізіліп жатыр. Қосымша күштер мен құралдар ең күрделі аймақтарға бағытталды. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында жедел желі телефоны жұмыс істейді. Қазіргі уақытта су тасқыны салдарын жою бойынша жедел ден қоюдың барлық қажетті шаралары қабылданып жатыр», - деді Шыңғыс Әрінов.

Айта кетейік, бұған дейін ол күрек ұстап, осындай төтенше жағдайлардың алдын алуға қабілеттімін деген. Өйткені Әрінов ұзақ жыл қолына қару ұстап, қауіпсіздік саласында жұмыс істеген. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өзін күзет саласында ғана жұмыс істегенін айтып, сынап жүргендерге жауап берген еді.

«Сіз ондаған жылдар бойы мемлекеттік күзет қызметінде істеген екенсіз. Осыны сарапшылар көп талқылап жатыр. Қолыңызда үнемі қару жүрді. Енді күрек ұстап үйренем дегенше, көктемгі тасқындар қаупі келе жатыр. Бұған дейін өмір бойы осы салада істеген министрлердің қолынан келмеген жұмыс сіздің қолыңыздан қалай келеді?» - деп сұрады БАҚ өкілі. 

Министр бұл сұрақтың жауабын қысқа қайырды.

«Қарумен қатар күрек те ұстадық, басқа да құралдар ұстадық. Сондықтан ол жағынан тәжірибеміз бар. Ең бастысы – жұмыстың бәрін өз уақытында ұйымдастыру. Қалай дайындалғанымызды іс жүзінде көресіздер. Сын болса, сол кезде айтасыздар», - деген болатын Шыңғыс Әрінов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жітіқарадағы бес баланың өлімі: трагедия жайлы жаңа мәліметтері белгілі болды
Бүгін, 16:49

Жітіқарадағы бес баланың өлімі: трагедия жайлы жаңа мәліметтері белгілі болды

Анасы жергілікті дүкенде еден жуушы болып жұмыс істеген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →