Сот барысында сұрақ-жауап өзіне ауыр тигенін мойындайды
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді бүгінгі сот отырысының қорытындысына байланысты әлеуметтік желіде сөйлеп, ойын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Айтбектің өзі бүгін сот алдында сұрақтарға жауап берген. Кейбір сауалдардың қорғанушы тараптан қайта-қайта қойылғанына, ол сұрақтарға судья Айжан Көлбаеваның шектеу қоймағанына Айтбектің наразы екені байқалады. Сот барысында сұрақ-жауап өзіне ауыр тигенін мойындайды. “Былапыт сөзді неге көп жазасыз” деп сотта айтылған сынды сол кездегі оқиғалардың күрделілігімен түсіндіреді. Онысы үшін өкінбейді.
— Ол пышақпен өзі жалғыз тұрды. Рас қаласа (өз-өзіне қол салғысы келсе) пышақпен тіліне салар еді. Өз-өзіне қол салғаннан бұрын тағы біреуді бауыздағысы келді ме, кім білсін. Мүмкін ол інісі Бақытжанға ашулы болған шығар!? Түсініксіз. Тек болжап отырмыз. Қуандық сондай қадамға расында да, барғысы келсе оқиға орнында бара салар еді. Өлгісі келсе төрт айдың ішінде түрмеде асыла салуына да ешкім кедергі келтірмегені анық. Мәселе мен оның өлімін қалағанымда немесе қаламағанымда емес, сондай ойды жұртқа жеткізгісі келгендерінде, — дейді Айтбек Амангелді инстаграмдағы парақшасында.
Айта кетсек, бүгін сотта жауап берген куәгердің бірі, қылмыс болған “BAO” ресторанында бармен болған Абылайхан Ерденов сол кеште Қуандық Бишімбаевтың қолынан пышақты тартып алғанын айтқан болатын. Ерденовтың пікірінше, Бишімбаев қылмысы үшін өкініп, өз-өзіне қол салмақ болған көрінеді.