×

Ахмет Байтұрсынұлы ауылы да суға кетіп, көмекке тікұшақ сұрады

Ауыл ағынды судың ортасында қалды

Ахмет Байтұрсынұлы ауылы да суға кетіп, көмекке тікұшақ сұрады
ТЖМ

Қостанай облысы, Жангелдин ауданына қарасты  ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы ауылының тұрғындары дабыл қағып, көмек сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Аудан орталығынан 120 шақырым қашықтықта жатқан Ақкөл және Ахмет ауылы 3-4 күн бұрын жолдарын су шайып, байланыс үзілген болатын. Сонымен қатар, ауыл ағынды судың ортасында қалды. Қазіргі таңда судың мөлшері асып, үйлерді су шая  бастаған

“Құрметті Қостанай облыстық төтенше жағдайлар басқармасы! Біз Жангелдин ауданына қарасты Ахмет Байтұрсынұлы ауылының тұрғындарымыз. Ауылымыздың жігіттері арғы беттегі жеті үйді сақтап қалу үшін осы кезге дейін жұмыс істедік. Бірақ соңғы сәтте жел күшейіп, судың қарқыны толастар емес. 30 наурыз түнгі 02:30-да алты үйіміз суға кетті. Әзірге бір шаруа қожалығынан хабар ала алмай отырмыз. Артынан іздеп баласы кетті. Одан да хабар жоқ. Ауылға келетін жол толық жабылды.Ер-азаматтар қолымыздан келгенше тағы да әрекеттеніп көреміз. Бізге тікұшақ керек. Әйтпесе, жағдай қиын», - дейді Ахмет Байтұрсынұлы ауылының әкімі Нұрсұлтан Байділдин.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Олар қаржылық қылмысты екі жыл бұрын Тұрар Рысқұлов ауданында жүзеге асырыпты
Астана қаласының білім басқармасы оқиғаны бақылауына алған
Әу баста әжетханада қайтыс болған мектеп директоры өзі құлап қайтыс болды деген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →