×

Жағдай күрделеніп барады — су тасыған БҚО-дан депутат Аралбай дабыл қақты

Облыс орталығы Орал қаласының су астында қалу қаупі бар

Жағдай күрделеніп барады — су тасыған БҚО-дан депутат Аралбай дабыл қақты
Ашық дереккөздерден

Су тасқынына байланысты елде туындаған ахуал биыл тым қиыр болып тұр. Бірнеше облыста су тасып, тұтас ауылдар, елдімекендерден жұртты көшіруге тура келген. Депутат Нартай Аралбайұлы өңірлерді аралап, жағдайды әлеуметтік желіде баян етті.

Нартай Аралбайұлы Батыс Қазақстан облысына табаны тиісімен тікұшақпен облыстың су басқан аудандарына, шалғай орталықтарына барып келгенін жазады. 
692 000 адам тұратын Батыс Қазақстанның су басқан аймақтарындағы қатысты ахуал қиын дейді ол. Күн санап жағдай күрделеніп барады. 

– Қазірдің өзінде облыста 455 үйді су басқан, 22 ғимарат су астында қалған. Қардың еруі және жауын-шашынның салдарынан 17 әлеуметтік және мемлекеттік маңызы бар нысанның (Орал қаласы – 13, Бәйтерек ауданы – 2, Теректі ауданы – 2) және 5 көп қабатты тұрғын үйдің (Орал қаласы) жертөлесін, сондай-ақ 460 жеке тұрғын үйді және 99 тұрғын үйдің ауласын су басқан, – деп жазады ол.

Қазір Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласы мен 4 ауданында (Қаратөбе, Сырым, Бөрлі, Теректі) төтенше жағдай жарияланған.

– Халық қатты үрейленіп қалған. Қазір Батыс Қазақстан облысының Ақжайық, Жәнібек, Теректі, Сырым, Қаратөбе, Шыңғырлау, Бөрлі, Казталов аудандарындағы 17 автожолдың (облыстық – 3, аудандық – 14) 37 учаскесінде су басу және 8 учаскесінде (облыстық – 2, аудандық – 6) су шаю фактілері тіркелді. Қазіргі уақытта 4 ауданның 17 елді мекенімен жол қатынасы үзіліп отыр, – деп жазады депутат.

Теректі ауданының Дуана, Сарыөмір, Шалқар, Рыбцех, Анқаты, Бозай, Сатымшеген ауылдары, Сырым ауданының Қызылағаш ауылы, Қаратөбе ауданының Сұлукөл, Үшана, Төлен, Темірбек, Қосбаз, Аққозы, Ақтайсай және Қоржын ауылдары, Шыңғырлау ауданының Ақтау ауылында осындай жағдай қалыптасқан. Мәжілісмен басты міндет адамдардың өмірін аман сақтап қалу екенін, жалпы 1122 адам эвакуациялық пунктке эвакуацияланған (Орал қаласы – 14, Зашаған кенті – 6, Деркөл кенті – 1, Аңқаты ауылы– 30. Қоржын ауылы – 470, Жымпиты ауылы – 96, Өлеңті ауылы – 31, Бұлдырты ауылы – 93, Қособа ауылы – 33, Мереке ауылы – 17, Ақсу ауылы – 161, Кеңтүбек ауылы – 90), үй жануарлары қауіпсіз аумақтарға айдалғанын атап өтеді.

– Тікұшақпен бақылау барысында БҚО әкімі Нариман Төреғалиұлы бірге жүрді. Жағдай бұдан әрі ушығып кетуі мүмкін, тіпті Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласының су астында қалу қаупі бар. Анығын білу үшін қазір облыстық жедел штабқа аттандым. Толық ақпаратты сол жақтан хабарлаймын, – дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Марқұмның туыстары бұл іс БАҚ өкілдерінің қадағалауында болғанын қалап отыр
Журналистің бұл жазбасы оқырман арасында қызу талқыға түсті
Аталған жайтқа байланысты облыстық білім басқармасының басшысы сұхбат бермеген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →