×

«Бізде басқа да шаруа толып жатыр». БҚО әкімі су астында қалған мекеменің басшылығын сынға алды

Oблыста 455 үйді су басқан, 22 ғимарат су астында қалған

«Бізде басқа да шаруа толып жатыр». БҚО әкімі су астында қалған мекеменің басшылығын сынға алды
Википедия

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев тасқын судан зардап шеккен өңірдегі ауруханалардың бірінде болып, басшылығын сынға алды, деп хабарлайды  Qaz365.kz

«Кезекшілік неге ұйымдастырмайсыздар? Барлығын облыс әкімі қарап жүру керек пе? Бізде басқа да шаруа толып жатыр. Ешқандай жауапкершілік жоқ. Канализацияға су кіріп жатыр, ал «завхоз» екі қолын қалтасына салып тұр. Жандарыңыз ашымайды, жауапкершілік болу керек. Су баса берсін, менің үйім емес, мемлекеттік мекеме деп отырсыңдар ма? Бір  ай мерзімде шаруа шешілмесе, жұмыстан кетесіздер. Басқа адам алып әкелеміз», - деді Нариман Төреғалиев.

Айта кетейік, облыста 455 үйді су басқан, 22 ғимарат су астында қалған. Батыс Қазақстан облысында осыған дейін құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдардың күшімен алдын ала 1065 адам эвакуацияланып, 2195 бас мал қауіпсіз жерге айдалған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Теміржол апаты: ШҚО-да пойыз екі әйелді басып кетті
Кеше, 15:31

Теміржол апаты: ШҚО-да пойыз екі әйелді басып кетті

Бұл деректі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады    
Дәрігерлер үшінші баланың жағдайы да ауыр деп отыр. 
Сот үкімі шыққаннан кейін бұған дейін журналистерге түрін түсіруге тыйым салған Жиенбай Пралиев аяқ астынан сұрақтарға ашық жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →