×

Тасқын судың астында қалған ауыл тұрғыны мерзімінен бұрын егіз бала босанды

Ауыл дәрігерлері ананы өз бетінше босандыруына тура келді

Тасқын судың астында қалған ауыл тұрғыны мерзімінен бұрын егіз бала босанды

Ақтөбе облысының Ырғыз  ауданындағы су басқан Нұра ауылында әйел жүктіліктің 36 аптасында мерзімінен бұрын босанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ауыл аудан орталығынан 90 шақырым қашықтықта орналасқан. Тасқынның салдарынан жол жабық.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының жіберген акушер - гинеколог, анестезиолог-реаниматологтан құралған бригада межелі жерге дейін бара алмады. 

Ауыл дәрігерлері ананы өз бетінше босандыруына тура келді. Жүкті әйел дәрігерлік амбулаторияға жеткізілді. Жалпы тәжірибелік дәрігер мен медбикенің қатысуымен әйел сәтті босанды. Салмағы 2800 грамм және 3050 грамм болатын екі қыз дүниеге келді. 

Қазіргі уақытта ана мен жаңа туған нәрестелердің жағдайы жақсы. Олар қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз етілген. Қорғаныс министрлігің тікұшағы ана мен баланы аудан орталығындағы ауруханаға жеткізді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды
Бүгін, 15:24

Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды

Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған
Ол Аягөз гарнизонына қарасты әскери бөлімде ант қабылдаған
Абырой болғанда, ол аман қалды. 
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мектеп түлегінің соққыға жығылғанын растады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →