×

Түркістан облысында оқушылар бір-бірін аяусыз соққыға жыққан

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Түркістан облысында оқушылар бір-бірін аяусыз соққыға жыққан
Видеодан скирншоттар

Түркістан облысының Полиция департаменті мектеп оқушыларының төбелесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бейнежазбада екі жеткіншек өздері қатарлас баланы ұрып-соғып, басынан, бетінен тебеді. Одан ақша бопсалап, енді өз ауылына келмеуін талап етеді.

«Черняевкада екінші жүрмеймін де, қарыздарды қашан қойып тастайсың... Ақшаң керек емес, Черняевкадан вообще көрінбе, түсіндің бе», - дейді видеода жеткіншектің бірі.

Оқиғаның Сарыағаш ауданында болғаны анықталды. Қазір бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Кәмелетке толмағандардың жеке басы анықталды, олардың барлығы полицияға жеткізілді, тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Бүгінгі таңда жанжалдың шығу себептері анықталуда. Жәбірленуші анасымен бірге тұрады, ата-анасы ажырасқан. Күдіктілер де сол ауылдың тұрғындары, 7 және 9 сынып оқушылары. Жанжалға қатысушылардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Ал оқу орындары басшылығы мен ұстаздардың жауапкершілігі әкімдік жанындағы арнайы комиссия отырысында қаралады. Іс департамент бастығының бақылауында», - деді Түркістан облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →