Полиция департаментінің бір кинологиялық есебі жұмылдырылған
Абай облысында су тасқыны кезінде жоғалған ер адамдарды іздестіру жалғасуда, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Іздестіру жұмыстарына Абай облысы және Жетісу облысы ТЖД ЖҚЖ, полиция департаменті, ЖАО, Қорғаныс Министрлігінің күштері мен құралдарынан, жергілікті тұрғындар, барлығы 63 адам, 4 жүзу құралы, 9 бірлік техника, 2 пилотсыз ұшу аппаратары, сондай-ақ Полиция департаментінің бір кинологиялық есебі жұмылдырылған. Олар күн сайын сағат 06.00-ден бастап тәуліктің қараңғы уақыты түскенге дейін іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.
Жоғалған адамдарды сүңгуірлердің көмегімен іздестіру жұмыстары су айдындарының көктемгі ластануына байланысты су асты көрінуінің нашарлығымен және өзеннің ағыс жылдамдығымен күрделенетінін ескертеміз. Сонымен қатар, іздестіру жұмыстарына Қорғаныс министрлігі мен "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшақтары 4 рет тартылды, деп хабарлады Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 26 наурызында 09 сағ 29 мин "112" пультіне Борлы өзенінен өту кезінде екі адамның өзен ортасында трактормен тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Сонымен қатар, куәгерлер бірнеше рет атқа мініп, оларға көмек ұсынған, бірақ белгісіз себептермен жоғалып кеткендер адамдар ұсынылған көмектен бас тартқан және оларды техникамен бірге эвакуациялауды күткен, дейді ресми дереккөз.
Сондай-ақ осы уақытта Аягөз қаласының ЖҚЖ құтқарушылары "Шығыс" шаруа қожалығында (Аягөз қаласынан 80 шақырым жерде) іздестіру жұмыстарын жүргізген, онда 23 наурызда өзеннен өтіп бара жатып, атынан құлап, 1977 жылы туған ер адам суға кеткен болатын. Облыстық ТЖД мәліметінше, аталған аймаққа жету қиын және онда байланыс жоқ.
Осыған байланысты Борлы өзенінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Семей қаласынан күш тартылған.
Айта кету керек, жоғалған адамдар көктемгі су тасқынының алдын-алу жұмыстарына қатысқан азаматтар емес.