×

Алматыда жас жігітті ұрып, видеоға түсіргендер полицияға жеткізілді

Оқиғаның Алматыда болғанын қаланың полиция департаменті растады

Алматыда жас жігітті ұрып, видеоға түсіргендер полицияға жеткізілді
Скриншот

Алматыда жас жігітті ұрып, видеоға түсіргендер полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желі қолданушылары видеода жас жігітті аяусыз сабап жатқандарды жазалауды талап етеді.

Оқиғаның Алматыда болғанын қаланың полиция департаменті растады.

“Видеодағы оқиғаға қатысушылар анықталып, полицияға жеткізілді. Аталмыш факті бойынша тексеру жүргізілуде. Толық мән-жайы анықталуда, - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің қай бабы бойынша іс қозғалғанын департамент хабарламады. Тараған видеода ірілеу жігіттің жас баланы ұрып жатқанын көруге болады. Видеоға түсіргендер баланың “бетінен ұрма” деп айтып тұрғаны естіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
02.07.2025ж. 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →