×

Анасы күдікті: Қарағанды облысында екі баланың өліміне қатысты тың мәлімет айтылды

Ең кіші бала балалар үйіне жеткізілген

Анасы күдікті: Қарағанды облысында екі баланың өліміне қатысты тың мәлімет айтылды
Фото: ашық дереккөзден

Кісі өлтірді деп күдіктелген әйел 2019 жылға дейін психиспансерде есепте болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Гагарин ауылының әкімі Асқар Әміре осындай ақпарат келтірді.

«Ол алкогольді асыра пайдаланбады. Күдіктінің небәрі 3 баласы бар, олардың ең кішісі бір жасқа да толмаған. Үш баланың әкесі үш түрлі адам. Ал қазір тұрып жатқан азаматтық некедегі күйеуі бұл балалардың әкесі емес. Бүлдіршіндердің өлгенін полицияға сол кісі хабарласып айтқан», - дейді ол.

Ең кіші бала балалар үйіне жеткізілген. 

«Бұқар Жырау ауданына қарасты ауылдардың бірінде зорлық-зомбылық белгілері бар 2 және 4 жастағы балалардың мәйіті табылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен балалардың анасы ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», - дейді ведомстводағылар.

Қылмыстық іс Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының бақылауында. Басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

Бұған дейін Қарағанды облысында әйел екі баласын өлтірді деп қамауға алынғаны белгілі болған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды
Кеше, 17:00

Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды

Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 
Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →