×

Құлсарыдағы жағдай Атырау қаласында да қайталануы мүмкін - әкім орынбасары

Су басу қаупі Орынбор, Орал қалаларынан кем болмайды деген болжам бар

Құлсарыдағы жағдай Атырау қаласында да қайталануы мүмкін - әкім орынбасары
Ашық дереккөзден

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Құлсарыда болып жатқан ахуал өте күрделі екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жылыойлықтар тасқын сумен күреске бел шешпей 2 апта дайындалып,  3 күн бойы қарғын сумен күресті. Бірақ тілсіз жау қаланы  басып кетті. Зардап шеккен бауырларымызға барлық көмек көрсетілуде, шығын көлемі де өтеледі. Дегенмен Атырау қаласы да бұл тағдырды қайталауы мүмкін. Су басу қаупі Орынбор, Орал қалаларынан кем болмайды деген болжам бар»,- дейді Жасұлан Бейсемибев.

Ол әлбетте әкімдік дайындалуда, 5 күннен бері өңірдің ең үлкен 20 құрылыс компаниясы және 6 ірі мұнай компаниялары жағаларды бекітуге, қорғау дамбаларын салуға жұмылдырылды деп айтты.

«Қажетті материалдардың (қапшық, күрес және тб) резервін дайындалып, инертті заттар жинақталды.  Орынбор облысындағы Ирикла су қоймасынан Жайыққа жіберілген су Қазақстан аумағында Батыс Қазақстан облысы арқылы Атырауға облыстың Индер, Махамбет аудандарының аумағымен ағып келеді. Индер ауданы бойынша жаға бекіту жұмыстарына 54 арнайы техника, 408 қызметкер жұмылдырылған. Қазір ауданда Жайық өзенінің жағалауындағы қауіпті аумақтарға жалпы ұзындығы 10 км бөгет соғылды. Ол жұмыстарға 37950 дана қапшық пайдаланылды. Тасқынға қарсы күрес жұмыстары жалғасуда»,- дейді әкім орынбасары.

Ол Махамбет ауданы бойынша елді мекендердің судан қорғану бөгеттерінің жалпы ұзындығы – 80 шақырым екенін айтты.

«Жайық өзені бойында орналасқан 17 елді мекеннің ішінде 9 қорғану бөгеті осал. Олар Талдыкөл, Бейбарыс, Алға, Махамбет, Сарытоғай, Ескі Сарайшық, Еңбекшіл, Есбол және Ортақшыл ауылдары тұсында. Тасқыннан қорғану үшін 56 мың дана қапшыққа топырақ қапталып, өзен жағалауы бекітілді. Бұл жұмыстарға барлығы 95 техника, 142 қызметкер, 1300 ерікті жұмылдырылды. Ал Жайық өзенінің құяр сағасындағы Атырау қаласында барлығы 12 аумақта жаға бекіту жұмыстарын 172 техника жүзеге асыруда. Қазір жаға бекіту бойыша 2 метр биіктікте жалпы ұзындығы 7 км бөгеттер салынды. Жұмыста барлығы 100 000 дана қапшық пайдаланылды. Жұмыстар жалғасуда», - дейді Жасұлан Бейсембиев.

Ол қазіргі таңда аталған жұмыстарды жалпы саны 5 мыңнан астам адам іске асырып жатқанын жеткізді. Оның ішінде, әкімдіктің және Қорғаныс министрілігінің, Ұлттық ұланның, Төтенше жағдайлар, Полиция департаменттерінің өкілдері жұмылдырылған. 

«Бірақ бұл әлі де жеткіліксіз. Себеб  бүгін Орынбордағы Ирикла су қоймасы рекордты су көлемін тағы да жіберді. Мұндай су көлемі біздің тарихымызда болмаған. Сондықтан ел болып, бірілігімізді көрсетіп қаламызды апаттан аман алып қалуға жұмылайық. Бізге әр атыраулықтың көмегі керек. Барлығымыз бір кісідей Жайық жағасын көтерейік.  Көп түкірсе көл дегендей, әр азамат бір қапшық құмды жағаға әкелсе, үлкен бекет болары сөзсіз. Біз бұл сынақтан бірлік арқылы ғана шыға аламыз! Баршаңызды жаға бекіту жұмыстарына қатысуға шақырамын», - дейді әкім орынбасары.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада 27-28 қарашада ұшақтар ұшып, көшелер жабылады
Бүгін, 10:34

Астанада 27-28 қарашада ұшақтар ұшып, көшелер жабылады

Жағдай Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізу аясында қабылданып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →