Видеода қайықпен келе жатқан адамдар «Бекболат» деп айғайлайды
Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы жергілікті әлеуметтік желілердің бірінде жоғалған екі кісіні қайықпен іздеген бір топ адамның видеосы жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Видеода қайықпен келе жатқан адамдар «Бекболат» деп айғайлайды. Жазбада екі кісінің жоғалғаны жазылған.
«РЕПОСТ! РЕПОСТ! 6 сәуір күні сағат 14:00-де Ларгус машинасын Гранд Хол банкет залдың қасына қойып, екі адам әкесі Бекболат, баласы Асылхан (Шаухан) “Рамазан” дүкенінің артқы жағында орналасқан үйін қараймыз деп кеткен. Сол екі адамды таба алмай жатырмыз. Көмектеріңіз қажет! 112-ге хабарласаыңыздар!» - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Құлсары – Қазақстанда биыл су тасқынына ең қатты зардап шеккен қаланың біріне айналып отыр. Бүгінге дейін ТЖМ мәліметіне сәйкес, қалада 2680 үй суға кеткен. Мыңдаған адам эвакуацияланған. Халықтың бір бөлігі Маңғыстау облысына көшірілген.