×

Құлсарыда жоғалған әкелі-бала табылмады. Туыстарының әскерилерден жылап көмек сұраған видеосы тарады

Құлсары Қазақстанда биыл су тасқынына ең қатты зардап шеккен қаланың біріне айналып отыр

Құлсарыда жоғалған әкелі-бала табылмады. Туыстарының әскерилерден жылап көмек сұраған видеосы тарады
Ашық дереккөздерден

Атырау облысы, Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы жергілікті әлеуметтік желілердің бірінде жоғалған екі кісіні қайықпен іздеген бір топ адамның видеосы жарияланған еді. Бүгін жоғалғандардың туысы әскерилер барып, жылап жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

6 сәуірде әкесі мен баласы жоғалған. Бүгін бір әйелдің (туысы болса керек) кезекте тұрған әскерилерге барып, көмектесуін сұрап, жалынып жатқан видеосы тарады. Алайда қанша айтса да форма киген жігіт айтқандарын істемейді.

«Алла жар болсын аман есен табылсын», «Ана әйелдің жан айқайын-ай», «Мынау неге уақыт алып тұр», «Біреудің жоғын біреу өлең айтып іздейді деген осы ғой», Біреудің жоғын біреу өлең айтып іздейді деген осығой», «Құдай сақтай гөр. Алла әрқашан әр отбасына амандық саулық ғұмыр берсін», -деген пікірлер бар.

Айта кетейік, Құлсары – Қазақстанда биыл су тасқынына ең қатты зардап шеккен қаланың біріне айналып отыр. Бүгін су тасқынынан екі адамның қаза тапқаны анықталды. Бірақ олардың бұл жоғалған адамдарға қатысы жоқ.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Әскери қызметші өзіне қару жұмсады
Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған
Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →