×

«Өзі жеткізген болар»: Бишімбаевты ұстауға барған полицейдің өзін тексергелі жатыр

Полиция қызметкерінің заңсыздығы анықталса, ол жазаланады

«Өзі жеткізген болар»: Бишімбаевты ұстауға барған полицейдің өзін тексергелі жатыр
Фото: ашық дереккөзден

Полиция қызметкерінің тексерілетінін Сенатта бүгін Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сот процесі кезінде Қуандық Бишімбаевты ұстауға барған полицейдің видеожетонына түсірілген бейне көрсетілген. Сол кезде Бишімбаевқа қарата полицей «өзі жеткізген болар» деп ойын айтқан еді. Бүгін тілшілер кулуарда Лепехадан полицияның осы әрекеті қаншалық заңды болғанын сұраған.

«Жалпы Бишімбаевтың ісі енді бізде емес. Жетондағы видеоны көрмедім, зерттеп көрейік. Олар темекі шегуге рұқсат бермеуі керек еді, бірақ қолындағы кісенін шешуге рұқсаты бар. Арнайы ережелер жазылған. Яғни ол көлікке дейін кісенмен баруы керек, ал көлікке отырған кезде кісенді шешіп тастай аламыз. Қалыпты жағдай болғасын ертең бізді азаптады деп кінәламауы қажет. Бұл жерде оғаш ештеңе көріп тұрған жоқпын. Ал темекі шегуге келер болсақ, қарап, зерттеу керек. Біздің барлық әрекетімізге баға беретін тиісті бөлімшелер бар», - деді Игорь Лепеха.

Вице-министр полиция қызметкерінің заңсыздығы анықталса, жазаланатынын айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Сот үкімі шыққаннан кейін бұған дейін журналистерге түрін түсіруге тыйым салған Жиенбай Пралиев аяқ астынан сұрақтарға ашық жауап берді
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2-7 жас аралығындағы үш бала қаза тапқан.
Полиция жол-көлік оқиғасын тергеп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →