×

Алматыдағы 30 мыңға жуық тұрғынның өміріне қауіп төніп тұр – ТЖМ

Мердігер міндеттемелерін орындамай, заң бұзған

Алматыдағы 30 мыңға жуық тұрғынның өміріне қауіп төніп тұр – ТЖМ
Фото: clideo.com / gov.kz

Алматыдағы «Ақсай» бассейніндегі селді ұстайтын бөгеттен ақау табылды. Оны Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов анықтаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Шыңғыс Арынов «Ақсай» бассайніндегі селді бөгейтін бөгетті тексере келе, оны салған мердігер міндеттемелерін орындамай, заң бұзғанын анықтаған.

«Алматы қаласының 30 мыңға жуық тұрғынының өміріне қауіп төніп тұр. Осыған байланысты процессуалдық шешім қабылдау үшін "Қазселденқорғау" басшылығы тиісті материалдарды ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне берді. Осылайша, Қаржы мониторингі агенттігі қылмыстық іс қозғады және мердігер ұйымның жауапты тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын ұрлау бойынша тергеу бастады», - делінген ТЖМ хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Египетке демалысқа кеткен қазақстандықтардың үстіне тақта құлап қайтыс болды
Бүгін, 14:52

Египетке демалысқа кеткен қазақстандықтардың үстіне тақта құлап қайтыс болды

Шарм-эль-Шейх әуежайында күту кезінде қазақстандықтардың үстіне жарнама тақтасы құлады.
Оны ұстау барысы бейне есеп үшін арнайы жасақтың қатысуымен қайта ұйымдастырылып түсірілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →