×

«Депутаттар кілең iPhone 15 ұстайды»: Оралда жас бала парламенттегілерді ду күлдірді

Ринат Зайытов, Еділ Жаңбыршин, Абзал Құспан мен Нартай Аралбайұлы бар топ эвакуациялық пункттердің біріне кірген

«Депутаттар кілең iPhone 15 ұстайды»: Оралда жас бала парламенттегілерді ду күлдірді
Видеокадр

«Депутаттар кілең iPhone 15 ұстайды». Оралдағы эвакуациялық пункттердің бірінде жас бала мәжілісмендерді  ду күлдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ринат Зайытов, Еділ Жаңбыршин, Абзал Құспан мен Нартай Аралбайұлы бар топ эвакуациялық пункттердің біріне кірген. Сондағы бір бала оларға қарап, “депутаттар iPhone 15 қана ұстайтын болған” деп жиналғандарды күлдірген. Жаңбыршин “менде самсунг” деп жауап қатады.

Видеоны желіде Абзал Құспан мен Ринат Зайытов бөлісті. Жұртшылық баланың тапқырлығына таңғалып, оң пікір қалдырып жатыр.

«Шындықты айтып жатыр ғой», «Біргіп IPhone алып беріңдер, депутатар», «Бала тілі бал», «Қатырды», «Бетке айтты ғой», «Жаным сол», «Бала шынын айтады деген осы», «Тауып айтты», «Шындықты айтты», «Расы солай ғой», - деген пікірлер бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Есірткі сатушылар Астанадағы Оқушылар сарайында QR-код қалдырған: полиция іске кірісті
Бүгін, 19:30

Есірткі сатушылар Астанадағы Оқушылар сарайында QR-код қалдырған: полиция іске кірісті

Астана қаласының білім басқармасы оқиғаны бақылауына алған
Әу баста әжетханада қайтыс болған мектеп директоры өзі құлап қайтыс болды деген
Марқұмның туыстары бұл іс БАҚ өкілдерінің қадағалауында болғанын қалап отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →