×

Түркістанда баланы басып өлтірген жүргізуші екі жарым жылға ғана сотталды

Сот шешімі жақында шықты

Түркістанда баланы басып өлтірген жүргізуші екі жарым жылға ғана сотталды
Фото: istockphoto.com

Qaz365.kz тілшісінің сұрағына жауап берген баланың әкесі Бақтияр Асқаров сот шешімі жақында шыққанын, алайда үкім қағазын қолына алмағанын айтты.

Еске салайық, 20 қазанда Түркістан қаласындағы «Бөбек» балабақшасының балаларды үйге жеткізген көлігі сол балабақша тәрбиесінде болған бес жастағы баланы басып кеткен. Көлікті балабақшаның шаруашылық жөніндегі меңгерушісі тізгіндеген еді. Оқиға куәгері Бахретдин Ташболатовтың айтуынша, көлік баланы қаққаннан кейін, бес метрдей жүріп барып тоқтаған. Бахретдинге «жүргізуші баланы мүлдем көрмей, ол «тас басып кеттім» деп ойладым» деп айтқан.

Түркістан облыстық полиция департаментінде балабақша тәрбиеленушісін қағып кету оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Қайтыс болған баланың әкесінің бауыры Бақытжанның айтуынша, бала тасымалдайтын көлікте жүргізушіден бөлек, тағы бір тәрбиеші отыруы керек. Ал Мирас ата-аналары үшін бес жыл асыға күткен бала болған еді.

Балабақша меңгерушісінің Qaz365.kz тілшісіне берген жауабында сол күні жүргізушінің қасында бала тасымалына көмектесіп отырған ер адамның болғандығын, алайда соңғы үш баланы үйлеріне жеткізерден бұрын оның көліктен түсіп қалғанын айтады. Меңгерушінің айтуынша, бұл мемлекеттік мекеме болғандықтан, балабақша мен көлік жүргізушісінің арасында ешқандай келісім болмаған. Оны баланың туыстары да нақтылайды. Олар жол ақысын жүргізушінің өзіне беріп отырған.

Qaz365.kz тілшісі Бақтияр Асқаровпен сөйлесіп, осы іс бойынша қандай үкім шыққанын білді.

«Екі жыл алты айға соттады. Қауіпсіздігі жеңіл түзету мекемесінде жазасын өтейтін болуы керек. Шыққан үкімді әлі алған жоқпын. Үш ай ол уақытша оқшаулағышта, кейін үш ай үйқамақта болды. «Бөбек» балабақшасының меңгерушісі жұмыс істеп жүр екен. Сотпен оған шара қабылдансын деген қаулы шыққан. Мынадай жағдай болғаннан кейін тек сөгіспен құтылып кеткенін қаламаймын, әлбетте», - дейді әкесі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →