×

Алматыда орындықта отырған әйелге шабуыл жасаған күдікті қамауға алынды

Ол сот алдында жауап берді

Алматыда орындықта отырған әйелге шабуыл жасаған күдікті қамауға алынды
Скриншоттар

Алматыда көшелердің бірінде орындықта отырған әйелге тап берген ер адам 10 тәулікке қамауға алынды. Өткен аптада желіде оқиғаның видеосы тарап кеткен еді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

16 сәуірде Алматы соттарының баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты түсінік беріп, құқықбұзушы ұсталғанын мәлімдеді.

Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта денсаулыққа жеңіл зиян келтірместен, физикалық ауырсыну тудырған өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау ретінде сараланған ұрып-соғу фактісі бойынша құқықбұзушыға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот өткен аптада азамат К. мас халде қаланың қарбалас көшелерінің бірінде орындықта отырған жәбірленушіні ұрып, жанжал шығарғанын анықтады. Құқықбұзушыны оқиға орнына жақын жерден кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар тоқтатқан.

Құқықбұзушыға қатысты әкімшілік іс ұрып-соғу негізінде қаралды, ол денсаулыққа жеңіл зиян келтірмей, дене ауыруын тудырған өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау деп сараланады (Қылмыстық Кодекстің 73-2-бабының 1-бөлігі). Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтары).

Осылайша замат К. сот алдында жауап беріп, іс материалдарында мазмұндалған фактілерді растап, өз кінәсін мойындады.

«Сот қаулысымен К. денсаулыққа жеңіл зиян келтірместен, бірақ физикалық ауырсыну тудырған өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау немесе ұрып-соғу фактісі бойынша кінәлі деп танылды. Нәтижесінде К. 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды», - делінген сот хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін желіде ер адаморындықта отырған әйелге жақындап, шашынан ұстап, күшпен сүйремек болғаны түсірілген видео тараған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Талғарда тағы да ауыр қылмыс: төрт жігіт жасөспірім қызды зорлаған
Бүгін, 15:50

Талғарда тағы да ауыр қылмыс: төрт жігіт жасөспірім қызды зорлаған

Күдіктілердің бірі жәбірленушімен бұрын таныс болған.
Автокөлік иесі көлігін оталдырып, кілтін ішінде қалдырған
Жағдай облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында
Соңғы 3 жыл ішінде пойыздарда 14 сәби дүниеге келген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →