×

Баспасөз картасы алынып тасталды: Мәжілісте «Масс-медиа туралы» заң қабылданды

БАҚ материалдары үшін бір жылдық ескіру мерзімі белгіленеді

Баспасөз картасы алынып тасталды: Мәжілісте «Масс-медиа туралы» заң қабылданды
Фото: Shutterstock.com

Бүгін Мәжіліс «Масс-медиа туралы» туралы заңды және кейбір заңнамалық актілерге масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қоғамда қызу талқыға түскен баспасөз картасы туралы норма аталмыш заң жобасынан алынып тасталды.

Өйткені «Масс-медиа туралы» заң жобасын әзірлеушілер журналистерді аккредиттеу рәсімін жеңілдету және автоматтандыруға арналған баспасөз карталарын енгізуді ұсынған болатын. 

Бірінші оқылымда талқылау барысында аккредиттеу мен баспасөз картасының тұжырымдамалық айырмашылығының болмауына байланысты бұл норма дау тудырды. Сондықтан жұмыс тобы оны заңнан алып тастау туралы шешім қабылдады.

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанның айтуынша, «бұқаралық ақпарат», «діни телебағдарлама», «теле-радиоарнаны есепке қою туралы куәлік» ұғымдары алынып тасталды.

Одан бөлек, БАҚ материалдары үшін бір жылдық ескіру мерзімі белгіленеді. БАҚ қызметкерлерінің құқықтарын қорғау үшін құқықтардың бұзылуына байланысты БАҚ материалдарына талап қоюдың ескіру мерзімі енгізіледі. Бұған дейін үш жыл деп ұсынылған мерзім бір жылға дейін қысқартылды.

Ал 2025 жылдан бастап мемлекеттік тілдегі теле-радиобағдарламалар мен отандық өнім олардың жалпы көлемінің кемінде 55 пайызын, 2027 жылдан бастап 60 пайызын құрауы тиіс.
Шетелдік теле-радиоарналардың бағдарламаларын қайталап көрсету отандық арналардың апта сайынғы хабар тарату көлемінде 20 пайыздан 10 пайызға дейін қысқарады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →