×

Шымкентте қыз алып қашқан жігіт 4 жылға сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Шымкентте қыз алып қашқан жігіт 4 жылға сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында ҚК 125-бабы 1-бөлігімен айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сотталушы әлеуметтік желі арқылы жәбірленушімен танысқан. Содан Жаңаөзен қаласынан келіп, үйлену мақсатында қызды алып қашқан.

Жәбірленушінің жауаптарымен, оқиға орнын қарап тексеру хаттамасымен және алынған бейнежазбамен, сотталушының кінәсін мойындау жауаптарымен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен сотталушының кінәсі толық дәлелденді.

Сот үкімімен ҚК-нің 125-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылған оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

«ҚК-нің 63-бабын қолдана отырып, жаза шартты деп белгіленді. Жаза тағайындау кезінде сот ауырлататын мән-жайлардың болмауын, жеңілдететін мән-жайларды ескеріп, оның кінәсін толық мойындауын, жеке басын, бұрын сотты болмағанын және жәбірленушінің сотталушыға бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұраған пікірін ескерді», - делінген Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы облысында сабақ үстінде 4 сынып оқушысы қайтыс болды
Бүгін, 11:53

Алматы облысында сабақ үстінде 4 сынып оқушысы қайтыс болды

Медицина мамандары жедел көмек көрсеткенмен, қыздың өмірін арашалай алмады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →