×

Бишімбаев ісі: Судья Айжан Құлбаеваны белгісіз біреулер қорқытқан

Интернет кеңістігінде де көптеген жағымсыз жарияланымдар анықталды

Бишімбаев ісі: Судья Айжан Құлбаеваны белгісіз біреулер қорқытқан
Фото: ашық дереккөзден

Жоғарғы Сот Бишімбаев пен Байжановтың ісі бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Астана қаласының Полиция департаменті судья Айжан Құлбаеваға қатысты қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен», - делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі (Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

«Судья, жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, интернет кеңістігінде жүргізілген мониторинг барысында судьяға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттері бар көптеген жағымсыз жарияланымдар анықталды», – делінген Жоғарғы сот хабарламасында.

Тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша тергеу органы Қылмыстық кодекстің 411-бабының 1-бөлігі (Судьяға жала жабу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Заң кез келген адамға сот төрелігін жүзеге асыру процесіне, оның ішінде судьяның атына жала жабу немесе қорқыту сипатындағы материалдарды жариялау жолымен, ықпал етуге тыйым салатынын ескертіледі.

Сот билігінің беделін түсіретін әрекеттердің жолы кесілетін болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →