Қарабұлақ ауылдық округіне Нүсіпбеков елдімекенін қосқанда 2 ауыл кіреді
Алматы облысындағы Қарабұлақ елдімекенінде мыңдаған гектарға жуық жерге қара құрт қаптап кеткен. Тұрғындар егін уақыты таяғанда тосыннан келген жайтқа абдырап қалған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жайылымды жайлаған зиянкестерд Қарабұлақ ауылдық округіне қарасты бірнеше ауылға жайылған. Әуелі ауыл адамдары зиянкестерді өз күшімен улап көріпті, бірақ жәндіктің жойылмай, тіптен тарай бастаған. Зиянды жәндіктерді өртеп те жатыр.
«Бірнеше күннен бері осы мәселе көтерілді. Облыс әкімі Марат Елеусізұлы бірден барлық басқармалардың басын қосып, жиналыс өткізді. Бұл жәндік мың гектарға жуық біраз жерді отап бара жатыр. Қашан дәрілейміз деп отыра бермей, ауыл тұрғындары өздері барып, азаматтар келді. Біз де атсалысайық деп отырмыз. Осындай бір-бірімізге демеу болайық», - дейді Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев.
Аталған аумақтағы Ағанас жазығында 137 шаруа қожалығы бар. Онда 35 мың гектар жер болса, оның 2850 гектары егістікке деп бөлінген. Көпшіліктің айтуынша, былтыр мұндағы егінді шегіртке жеп, қамбаның іші қаңырап қалған. Техниканың тозығы жетіп, тұтас шарушылықты қамтуға шамасы жетпейтінін жұрт жасырмай айтты.
Қарабұлақ ауылдық округіне Нүсіпбеков елдімекенін қосқанда 2 ауыл кіреді. Үш мыңға жуық отбасы тұрады. Дені егістікпен айналысады, ірі қара мал ұстайды.