×

Ақтауда ер адам балаларының көзінше әйелін аяусыз соққыға жыққан

Оқиғаға қатысты Маңғыстау облысы полиция басқармасы пікір білдірді

Ақтауда ер адам балаларының көзінше әйелін аяусыз соққыға жыққан
Видеодан скриншоттар

Ер адамның әйеліне шабуыл жасаған сәті көпқабатты тұрғын үйдегі бейнекамераға түсіп қалған. Аталған оқиғаға қатысты Маңғыстау облысы полиция басқармасы пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Видеодан еркектің әйелінің қолын бұрып, ауызын жауып жатқанын көруге болады. Олардың жанында екі кішкентай бала бар. Ер адам жақын маңда бөтен адамдардың жоқтығына көз жеткізу үшін әйелді босатып, есікті ашып, жан-жағын барлайды. Сөйтіп ойға алғанын жалғастырмақ болады. 

Видеода ерлі-зайыптылардың жанынан тұрғындардың бірі өтеді. Видеодан әйел мен балалардың шыңғырып, жылаған даусы естіледі. 

Ер адам әйелді лифтке күштеп кіргізіп, шашынан тартып, жұлқылайды. Осы сәтте тағы бір тұрғын келіп қалып, әйел ер адамды қуып жібереді. 

Облыстық полиция департаменті ер адамның іздестіріліп жатқанын мәлімдеді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті
22.11.2024ж. 15:20

Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті

Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған
Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған
Ол мас күйіндегі ер адам анасын ұрып-соғып, денесіне зақым келтірген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →