×

Алматыда полиция көлігі мопедті қағып кетті

Өндірістік материалдар сотқа жіберіледі

Алматыда полиция көлігі мопедті қағып кетті
Скриншот

Алматыда полицияның патрульдік көлігі мопед жүргізушісін соғып кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Видеода патруль көлігі солға бұрылып, маневр жасау кезінде автобус жолағында келе жатқан мопедистті қағып кеткен.

Полиция департаменті бұл жол-көлік оқиғасы Алматының Жетісу ауданында болғанын хабарлады.

"Патрульдік полиция экипажы шұғыл шақыруға бара жатқанда, қатаң түрде белгіленген ережелерге сәйкес бұрылу маневрін жасады. Бұл ретте жарық-сигналды қондырығысы қосылған. Жол қозғалысына қатысушылар полиция көлігіне басымдық берді. Алайда, қоғамдық көлікке арналған жолақпен жүріп келе жатқан мопед жүргізушісі Заңның талаптарын елемей, патрульдік машинамен соқтығысуға жол берді. Ол медициналық көмектен бас тартты", - деді полицияда.

Жол-көлік оқиғасы дерегі тіркелді. Chevrolet патрульдік көлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Өндірістік материалдар сотқа жіберіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды
Кеше, 17:00

Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды

Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 
Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →