×

«Майқайыңда» шұңқырға құлаған 4 құтқарушының отбасына 96 миллион теңге аударылды

4 құтқарушының отбасына қандай материалдық көмек көрсетілді

«Майқайыңда» шұңқырға құлаған 4 құтқарушының отбасына 96 миллион теңге аударылды
Фото: ашық дереккөзден

Биыл 4 қаңтарда Павлодар облысы Майқайың ауылындағы «Майқайың алтын» кенішінде құтқарушылар мінген автобус шұңқырға құлаған болатын. Екі адам мен автобус сол күйі табылған жоқ. «Майқайыңалтын» АҚ бас директоры Қуаныш Ботин 4 құтқарушының отбасына қандай материалдық көмек көрсетілгенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бүгінгі таңда төрт құтқарушының отбасына «Майқайың алтын» атынан 96 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілді. Оның ішінде Бердіқан Сарқыттың отбасына 23 миллион теңге, Олег Тышкевичтің отбасына 14 миллион, қазір табылмай жатқан Айып Төлепбергеновтің отбасына 22 миллион, Айдос Шәймерденнің отбасына сәуірге дейін 27 миллион теңге көлемінде көмек бердік. Кеше тағы 8 миллион теңге бердік», - дейді Қуаныш Ботин.

4 қаңтарда екі құтқарушы – Бердіқан Сарқыт пен Олег Тышкевичтің денесі өлі күйінде табылған. Ал қалған екеуі – Айып Төлепбергенов пен Айдос Шәймерденнің не өлі, не тірі екені белгісіз.

Кейіннен «Майқайыңалтын» АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Олар қаржылық қылмысты екі жыл бұрын Тұрар Рысқұлов ауданында жүзеге асырыпты
Астана қаласының білім басқармасы оқиғаны бақылауына алған
Әу баста әжетханада қайтыс болған мектеп директоры өзі құлап қайтыс болды деген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →