×

Атырау облысында екі бала өрттен қаза тапты

Өрттің шығу себебін анықтау мақсатында Атырау қаласынан өрт-зерттеу зертханасы жұмыс істеп жатыр

Атырау облысында екі бала өрттен қаза тапты
Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысында пәтерден өрт шығып, екі бала қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

25 сәуірде сағат 5:37-де Индер ауданы Индербор кенті Махамбет көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйлердің бірінде түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Өртсөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтер толық жанып кеткенін анықтады.

«Өрт кезінде үйдің жатын бөлмесінен 2014 жылы және 2017 жылы туған екі баланың денелері табылды. Сондай-ақ, балалардың анасы - 1995 жылғы әйел мен 1994 жылы туған ер адам ес-түссіз күйде табылып, аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді», - деп жазылған Атырау ТЖД хабарламасында.

Өрт сағат 06:02-де оқшауланып, сағат 06:10-да толықтай ауыздықталды.

Өрттің шығу себебін анықтау мақсатында Атырау қаласынан өрт-зерттеу зертханасы жұмыс істеп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →