×

Атырауда бір отбасыны бензин шашып өртеп жіберді деген күдікті ұсталды

Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергелуде

Атырауда бір отбасыны бензин шашып өртеп жіберді деген күдікті ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

25 сәуірде Атырау облысының Индер ауданы Индербор кентінде қайғылы жағдай болды. 5 қабатты тұрғын үйлердің бірінде пәтер түгел өртке оранып, екі жасөспірім қаза тапты. Қазіргі кезде өрт қойды деген күдікті ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

25 сәуірде сағат 5:37-де Индер ауданы Индербор кенті Махамбет көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйлердің бірінде түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтер толық жанып кеткенін анықтады.

Ал 29 жастағы балалардың анасы мен оның азаматтық некедегі 30-жастағы жолдасы ес-түссіз күйінде ауруханаға жеткізілген. 

«Өрт шыққаны туралы ақпарат кеш хабарланды. Салдарынан құтқарушылар жеткенше пәтер түгел жанып кеткен. Өрт сағат 06:02-де оқшауланып, сағат 06:10-да толықтай жойылды. Өрттің шығу себебін анықтау мақсатында Атырау қаласынан өрт-зерттеу зертханасы жұмыс істеп жатыр», - делінген Атырау облыстық ТЖД бөлімінің баспасөз қызметінің жауабында.

Жергілікті AtyrauPress басылымының жазуынша, аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы оқиға орнынан жанар май иісі бар құты қалдықтарын анықтаған. Сонымен қатар жақын жердегі жанар май бекетінен бензин сатып алған 31 жастағы жәбірленушінің танысы бейнекамералар арқылы анықталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті тез арада ізін суытпай Орал қаласына бағыт алған жерінен ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Облыстық полиция департаменті өрт қойды деген күдікті анықталғанын хабарлады. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату, екі немесе одан да көп адамды өлтіру, аса қатыгездiкпен, басқа адамдардың өмiрiне қауiптi тәсiлмен, төтенше жағдай кезінде жасалған және жасөспірімдерді өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалып, тергелуде.

Аталған бап бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бас бостандығынан өмір бойына айыруға жазасы көзделген.

Сонымен қатар өңірлік денсаулық сақтау басқармасының өкілдері өртенген пәтерден құтқарылған екі адамның аудандық ауруханаға жеткізілгенін айтты. 

«Әйел адамның жағдайы аса ауыр, денесінің 90-95 пайызын күйік шалған. Ер адамның жағдайы орташа ауырлықта. Қазіргі таңда екеуіде жансақтау бөлімінде аппаратта жатыр. Әйелге санавиация шақыртылды», – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті
22.11.2024ж. 15:20

Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті

Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған
Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған
Ол мас күйіндегі ер адам анасын ұрып-соғып, денесіне зақым келтірген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →