×

«11-сынып оқушысы азғындық жасаған»: Жамбыл облысында мектеп оқушысы зорланды

Әлеуметтік желідегі жазбасының астына мемлекеттік органның да жауабы келтірілген

«11-сынып оқушысы азғындық жасаған»: Жамбыл облысында мектеп оқушысы зорланды
Фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Тараздағы журналист Нурадин Рақай әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мына жайсыз хабардан ұстайтын жаға қалмады. Мектеп қабырғасында тағы оқушы зорланған. Бұл білім ұясында өткенде ғана жетінші сыныптағы қыз жүкті болып, бір жыл бүркемеленіп ашылған еді. Жалғыз күдіктімен іс жабылып тынған. Күні кеше 11 сыныптың баласы төменгі сыныптың оқушысына азғындық жасалғаны анықталды. Қазір қылмыстық іс қозғалып, айуандық әрекетке барған жасөспірім қамауға алынды. Білім басқармасы қатаң сөгіс алыпты дейді. Сарысу ауданы, Байқадам ауылындағы мектеп интернатында оқушылар жатып оқиды. Құдай сақтасын, жәбірленушілер көп болмағай», - деп жазады ол.

Әлеуметтік желідегі жазбасының астына мемлекеттік органның да жауабы келтірілген. Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы Жанғазы Ахметтің жазуынша, Сарысу ауданының білім бөлімі Сарысу ауданының прокуратурасына кәмелетке толмағандардың бірінің осы аудандағы басқа оқушыға жасаған зорлық-зомбылық әрекеттері туралы хабарлаған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасы бойынша облыстық білім басқармасының жауапты лауазымды тұлғалары жедел түрде ауданға барған. Бүгінгі таңда Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов пен Жамбыл облысының білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұлов бақылау жұмыстарының әлсіздігі үшін "қатаң сөгіс" түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

«Облыс әкімі басқа да кінәлі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарауды, сондай-ақ жалпы білім беру мекемелеріне кешенді тексеріс жүргізуді тапсырды», - дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Енді әйелін ұрып-соққандар айыппұл төлейді
14.06.2024ж. 13:18

Енді әйелін ұрып-соққандар айыппұл төлейді

Әдейі ұрып-соғуға және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге қатысты қылмыстық жауапкершілік көзделген
Видеода екі жігіттің бір-біріне мықтап жабысып, жұдырықтасып жатқанын көруге болады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →