×

Арзан бағамен азық-түлік жеткіземін деп 9 кәсіпкерді алдаған күдікті Ресейде ұсталды

Қазақстанның құқық қорғау органдары оны Ресейден елімізге экстрадициялады

Арзан бағамен азық-түлік жеткіземін деп 9 кәсіпкерді алдаған күдікті Ресейде ұсталды
Видеодан скриншот

Бас прокуратураның үйлестіруімен бірнеше мәрте алаяқтық жасаған күдікті қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аталған азамат 2022-2023 жылдар аралығында шет елдерден азық-түліктің көтерме партияларын жеткізу сылтауымен алаяқтық жолмен 9 кәсіпкердің 470 млн теңгеден астам қаражатын иемденген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты оған халықаралық iздеу жарияланды.

Айта кетейік, алаяқ былтыр желтоқсанда Мәскеу аумағынан ұсталған болатын.

Қазір күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
02.07.2025ж. 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →