×

Қуандық Бишімбаевтың әкесі Салтанатқа үйленуіне қарсы болған – ресейлік блогер

Наталья Грэйс Астанада өтіп жатқан Бишімбаевтың сотына қатысқан

Қуандық Бишімбаевтың әкесі Салтанатқа үйленуіне қарсы болған – ресейлік блогер
Фотоколлаж Azattyq Rýhy

Өткенде Астанада өтіп жатқан Бишімбаевтың сотына өзін нейропсихолог деп таныстырған ресейлік блогер Наталья Грэйс келген еді. Ол Telegram арнасында экс-министрдің ата-анасымен танысқанын айтып, олар туралы пікір білдірген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мен Альмира Бишімбаеваны құрметтеймін. Кез келген адам дәл осындай ананы қалайтын болар. Білімді, мейірімді, зейінді және салмақты. Ол ана ретінде басына түскен ауыр сынақты абыроймен көтеріп жатыр», – дейді блогер. 

Сонымен қатар ол Қуандықтың әкесі Уәлихан Бишімбаевпен де танысып, сөйлескенін айтып отыр. 

Айта кетейік, Мәжілісте депутат, бірнеше жоғары оқу орындарында ректор болған Уәлихан Бишімбаев сот отырыстарына қатысып жүрген жоқ.

«Қуандық Бишімбаевтың әкесімен танысқаныма қуаныштымын. Бұл – ұлын жақсы көріп, құрметтеп өсірген иманды жан. Оның айтуынша, ұлының астролог Салтанат Нүкеновамен қарым-қатынасына қарсы болған екен. Себебі Салтанатпен кездескеннен кейін баласы жиі ішімдік іше бастаған және үнемі көңіл-күйі жоқ және психикалық шаршауда жүрген», – дейді Наталья Грэйс.

Ол психолог ретінде Қуандықтың қиянатқа ұшырағанын айтып отыр.

«Қуандық өзін қаржылай пайдаланды деп сезінді. Бәлкім, жүйке жүйесі өзі қалағандай күшті болмағандықтан, өзі де абьюзер болған болар. Қуандық пен Салтанаттың ата-анасына көңіл айтамын», – дейді ресейлік блогер.

Бұған дейін Грэйстің “Бишімбаев қылмысты аффект жағдайында жасаған” деп мәлімдегені бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →