×

Депутат су тасқынмен күреске бөлінген 1 млрд теңгенің қалай ұрланғанын айтты

Ол мән-жайды түсіндірді

Депутат су тасқынмен күреске бөлінген 1 млрд теңгенің қалай ұрланғанын айтты
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев әлеуметтік желіде апта бұрын «су тасқынының салдарының жоюға арналған 1 миллиард теңгені жеп қойған» деген мәліметке байланысты мән-жайды түсіндірді. Аталған мәліметті өткен аптада Қаржы мониторингі агенттігі таратқан болатын, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Расында да, дәл осы ақпарат шыққанда жемқорларды жерден алып жерге салмаған адам аз. Депутат дереу Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің басшылығынан анық ақпарат сұратып, агенттік төрағасының орынбасары Қайрат Жақиянұлы Бижановпен кездескенін әлеуметтік желіде жазады.

«Мәселе былай: бүгінге дейін жөндеуден өтуі тиіс болған гидротехникалық нысандарға бөлінген ақшаның 1 миллиард теңгесін жемқорлар жеп қойған. Ұлытау, Ақтөбе, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласында аталған факт бойынша 4 қылмыстық іс қозғалыпты. Тергеу аяқталғанда жемқорлардың есімін білеміз. Тағы бір маңызды мәселені көтердім АФМ басшыларының алдында. Қазір тасқынның салдарымен күреске жалпы (қайырымдылық, олигархтардың бергені, мемлекеттің бөлгені т.б.) 195 млрд теңге бөлінген деді агенттік өкілдері. Міне осы қаржының әр тиынын қадағалау керек Қаржылық мониторинг агенттігі», - дейді Нартай Сәрсенғалиев.

Депутат қазірдің өзінде топан судың астында қалған өңірлерде әлеуметтік азық-түлік бағасы мен құрылыс заттарының бағасын негізсіз көтеру фактілері тіркелгенін айтады. Мұндай жайттарға қарсы дереу шара қолданылатынын да атап өтеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
СҚО-да әкім 10 млн теңге пара алған
Бүгін, 10:32

СҚО-да әкім 10 млн теңге пара алған

Тергеу жалғасып жатыр
Ол қалай тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтып берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →