×

«Дәретханадағы әлімжеттік»: Жамбыл облысында 8 сынып оқушысы төбелестен кейін қайтыс болды

Аталған жайтқа байланысты облыстық білім басқармасының басшысы сұхбат бермеген

«Дәретханадағы әлімжеттік»: Жамбыл облысында 8 сынып оқушысы төбелестен кейін қайтыс болды
Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысында 8 сыныптың оқушысы әлімжеттіктен қайтыс болды. Бұл туралы жергілікті журналист Данияр Әлімқұл жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Оқиға Жамбыл облысы, Байзақ ауданына қарасты Құмжота ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектепте болған.

«Сегізінші сыныптың оқушысы соққыдан сұлап түскен. Тоғызыншы сыныптың баласы ұрған екен. Ауылдағылардың айтуынша, тыныс алу мүшесіне дөп тиген соққы бір баланың өмірін қиды. Сегізінші сынып оқушыларын өздерінен бір жас үлкендер тысқа тартып, әжетхана жақта әлімжеттік жасаған деген нұсқа бар. «Греб» (түрмеге деп тиын сау) жинаған ба, бұ жағы бұлыңғыр. Бірақ осыған ұқсас.  Байзақта сыртқа салынған әжетхана әлі бар екен. Оның үстіне «ақ үйдің» айналасында камерасы жоқ», – дейді Данияр Әлімқұл.

Ол облыстық білім басқармасының басшысы сұхбат бергісі жоқтығын айтты. «Оқиға орнында орынбасарым жүр» деп соған сілтеген көрінеді. 

«Ол жақта жүрген Мұхит есімді орынбасары теңіздей тасыды. “Берсе басшының өзі берсін!» деп өкпесін қолына ұстап қашты, телефонның ар жағынан.  Сосын екеуі де қоңырау көтермеді. Ал мектеп директоры мен бір топ адам мектептің есігіне қара құлып салып, ішінде отыр. Орынбасар Мұхитты да қастарына алып алған. Сыртта директордың қаңтарылған көлігі тұр.  Басшысы жоқ байзақтық білім бөлімінде міндет атқаратын кісі бар екен. Оның да ағарту ошағына аяғы жетпеді. Жиналыста жүрмін деп, жоқ болды», – дейді журналист.

Ал Жамбыл облыстық полиция департементі оқушының өлімі дерегі бойынша  қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

«Күдікті – кәмелетке толмаған бала уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.Сондай-ақ мектеп басшылығы мен оқытушы құрамға қатысты балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жариялануға жатпайды», – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →