×

Ақтөбе облысында жол апатынан депутат пен екі мұғалім қаза тапты

Жол апаты Самара-Шымкент тас жолында болған

Ақтөбе облысында жол апатынан депутат пен екі мұғалім қаза тапты
Фото: Ақтөбе облысының полиция департаменті

Ақтөбе облысындағы тас жолда мәслихат депутаты мен ерлі-зайыпты мұғалімдер көлік апатынан көз жұмды, деп хабаралайды Qaz365.kz тілшісі Мой Город басылымына сілтеме жасап.

Жол апаты 9 мамырда Самара-Шымкент тас жолында, Ырғызға жақындап қалғанда болған.

ВАЗ жеңіл көлігі бір бағытта келе жатқан МАН жүк көлігінің артынан соққан. Салдарынан жеңіл көліктегі 3 адам қаза тапқан.

Анықталғандай, көлікті Ырғыз мектебінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген 45 жастағы мұғалім жүргізген. Ол ауруханаға түскен соң қаза тапқан. Оның әйелі оқиға орнында көз жұмған. Әйел де сол мектепте бастауыш сыныптың мұғалімі болып жұмыс істеген. Олардың артында мектеп жасындағы 3 бала қалды. Көз жұмған үшінші жолаушы Ырғыз ауданы мәслихатының 28 жастағы депутаты, ауданның ветеринар дәрігері болған.

Ақтөбе облысының полиция департаменті болған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды
Кеше, 17:00

Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды

Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 
Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →