×

Алматыда 22 жастағы ер адам есірткі зертханасын ұйымдастырған

Ол қаладан жеке үй жалдаған

Алматыда 22 жастағы ер адам есірткі зертханасын ұйымдастырған
Фото: ҚР ІІМ

Алматы облысының 22 жастағы тұрғыны есірткі зертханасын ұйымдастырған, бұған Алматының есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің деректері дәлел, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол Алматының Түрксіб ауданында жеке үйді жалға алып, сол жерде синтетикалық есірткіні қайнатқан.

"Үйді тінту кезінде 1 келі кристалды зат, 20-дан астам металл канистрлер, белгілі бір иісі бар ішіне сұйықтық құйылған шыны бөтелкелер, оралған есірткі қораптары, пайдаланылған респираторлар, шикізатты араластыруға бейімделген электрлі бұрғы, электронды таразылар, өлшеуіш стақан, зертханалық құрал-жабдықтар табылып, тәркіленді. Күдікті жұмыс берушімен интернет арқылы хабарласқанын айтты. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар жалпы салмағы 4 келі 100 грамм синтетикалық мефедрон есірткі заты. Күдікті қамауға алынды", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.

Сондай-ақ полиция, жыл басынан бері Алматыда синтетикалық есірткі шығаратын 4 зертхананың жойылғанын еске салды. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ажал айтып келмейді».  Жарылыстан ерлі-зайыптылар қайтыс болды
Бүгін, 00:57

«Ажал айтып келмейді». Жарылыстан ерлі-зайыптылар қайтыс болды

Екеуі де жанармай құю бекетінде жұмыс істеген.
Құлсарыдағы «Ниет»  жанар-жағар май құю бекетіндегі өрттен зардап шеккен 14 адам шұғыл түрде Жылыой аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →