×

«8 әйел анализ тапсырды»: Бельгиялық әйел асырап алған Жәнібекке қатысты тағы бір тың дерек шықты

Журналист қан талдауының нәтижесін айтты

«8 әйел анализ тапсырды»: Бельгиялық әйел асырап алған Жәнібекке қатысты тағы бір тың дерек шықты
Фото: Қымбат Досжанның парақшасынан

«Бармысың бауырым» хабарының авторы әрі жүргізушісі Қымбат Досжан бельгиялық азамат асырап алған Жәнібекке (Мұрат Савельев) қатысты тың деректі жария етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Журналист әлеуметтік желідегі парақшасында әйелдер тапсырған қан талдауының нәтижесі шыққанын жазды.

«8 әйелдің анализі нөл пайыз шықты. Қалған екеуінің қан нәтижесін бүгін күтеміз», - деп жазған журналист. 

Бұған дейін Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасында Жәнібектің биологиялық анасын іздеу процесі аяқталмағанын әрі ДНҚ анализін тапсырып жатқан аналар бар екенін айтқан еді.

Айта кетейік, 21 жастағы Эдди Жанға дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген екен. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр. «Бармысың, бауырым?» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан оған анасын табуға көмектесіп бағуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →