×

Елге «боғауыз завуч» деп танылған Ұлжан Елмұратова 6 жылға сотталды

Сот шешім шығарды

Елге «боғауыз завуч» деп танылған Ұлжан Елмұратова 6 жылға сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін елге «боғауыз завуч» деп танылған Ұлжан Елмұратова 6 жылға сотталғанын жазған едік. Осы сот процесіне қатысқан қоғам белсендісі Құрал Сейітхан жағдайдың мән-жайын толық айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Сотта төрт жәбірленуші бар. Оның ішінде біреуі арызын қайтарып алған. Ал үшеуі талап-арызын соңына дейін қанағаттандыруды сұраған. Ол бір әйелден 4 млн 600 мың теңге алып лақтырып кеткен. Екіншісінен 400 мың теңге бопсалап алған. Олар осы ақшаларын қайтаруды талап етті. Сонымен қатар полицияға қатысты бір іс бар. Ұлжан полицияға хабарласып, Бадам ауылында ішіп алған бір адам көшеде көлікпен жүр деген. Полиция келіп, оны ұстап әкетіп бара жатқан. Сол кезде Ұлжан ауылдың бұзық балаларын артынан жіберіпті. Олар жолда полицияны тоқтатып ұрған», – дейді Құрал Сейітханұлы.

Оның айтуынша, осыдан соң Ұлжан полицияны бопсалаған. Яғни ақша алып, мас жүргізушіні босатып жібердің деп бәле жапқан. Видеоны әлеуметтік желіге шығарам деп қорқытқан. 

«Ол полицияға 150 мың теңге алдың деп айтады. Ұлжанның желіге жазғаны сол өңірде резонанс тудыратыны бар. Осыдан соң, полиция қорқып, желіден видеоны алып таста деп жалынады. Ал Ұлжан 5 миллион теңге сұраған. Бұл сотта 100 пайыз дәлелденді. Полицияның денесінде дауыс және видео жазатын құрылғылар болған. Бопсалап, небір боқтық сөздер айтқанын естіген соттың өзің басын шайқады», – дейді қоғам белсендісі. 

Оның айтуынша, Ұлжан Елмұратова жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Екі бап бойынша сотталған (190-баптың екінші бөлігінің үшінші тармағы және 194 бап бойынша).

Айта кетейік, Ұлжан Елмұратова Түркістан облысы, Ордабасы ауданы Бадам ауылындағы Айтбай Шерімқұлов атындағы мектепте тәрбие ісі жөніндегі орынбасар болып жұмыс істеген. Бұған дейін педагогтың көлік жүргізушісін және оқушыларды балағаттан видеосы әлеуметтік желіде тарап, қоғамның қатаң сынына ұшыраған болатын. Артынша Ұлжан Елмұратованың суицид жасағаны туралы хабар тарады.бірақ ол тірі қалған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды
Бүгін, 09:20

Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды

Әскери қызметші өзіне қару жұмсады
Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған
Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →