×

Астанада заңсыз жұмыс істеген мешіт анықталды

Мешіт қалада тіркелген діни ғимараттар тізімінде болмаған

Астанада заңсыз жұмыс істеген мешіт анықталды
Фото: Islam.kz

Астанада діни қызмет туралы заңнаманы бұзған тұрғын жауапқа тартылды, деп хабарлайдыQaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Діни бірлестіктің заңсыз қызметі туралы хабар «102» арнасы арқылы түскен. Қабылданған қоңыраудың желісімен астаналық полицейлер Құмбел көшесіндегі жеке үйге жалғасатын ғимарат мешіт ретінде жабдықталғанын анықтаған. Тексеру барысында бөлмеден діни әдебиеттер, тақтадағы намазхана және намаз уақыттары табылып, бөлмеде адамдардың жиналып жатқаны белгілі болған.

Сот отырысы барысында мешіт қалада тіркелген діни ғимараттар тізімінде болмағандықтан, заңсыз жұмыс істеген болып шыққан.

Қазақстан Республикасының діни қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшін 59 жастағы елорда тұрғыны кінәлі деп танылып, заңсыз әрекетін тоқтата отырып, 184 600 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Соңғы сөзінде өкіріп жылады: 7 миллион ұрлады деп айыпталған әйел үш жылдан кейін ақталып шықты
Бүгін, 20:58

Соңғы сөзінде өкіріп жылады: 7 миллион ұрлады деп айыпталған әйел үш жылдан кейін ақталып шықты

Ақталып шыққан әйел тазалықшы әйел 7 млн рубль өтемақы талап етті
Сотталушы билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды
Құқық қорғау органдарына берілді
Шерзаттың әкесіне қатысты қылмыстық тергеу жүргізілмеген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →