×

Түркістан облысында көршісінің әжетханасына құлап, қаза тапқан 3 жасар қыз жерленді

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жасалып жатыр

Түркістан облысында көршісінің әжетханасына құлап, қаза тапқан 3 жасар қыз жерленді
Скриншот

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен бүлдіршіннің мәйіті табылған еді. Ауыл халқы 3 жасар Асылымды жер қойнына тапсырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қияметтің күнінде жастайынан шетінеген перзент өзінің ата-анасына шапағатшы, «менің ата-анам қайда?» деп жәннаттан сұрап тұрады дейді», - деді бүлдіршіннің жаназасын оқыған имам.

Жерлеуге қатысқандар қарасы көп. Жерлеу рәсімін Батыр блогер өз парақшасында көрсетті.

Еске салсақ, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Сіргелі ауылында үш жасар қыздың 16 мамырда жоғалып кеткені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Ата-анасысының айтуынша, үй тірлігімен жүргенде таңғы сағат 9:00 шамасында бүлдіршін есік алдындағы қақпа алдында ойнап жүрген. Содан кейін бала із-түзсіз жоғалып кеткен.

Түркістан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы мен Сарыағаш аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында баланың денесі көрші үйдің дәретханасынан табылған. Кішкентай қыздың денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмады.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жасалып жатыр. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →