×

Атышулы «Айка тізімі» бойынша кінәлілерге сот үкімі шықты

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ

Атышулы «Айка тізімі» бойынша кінәлілерге сот үкімі шықты
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы қаласының Әуезов аудандық соты қоғамды елең еткізген «Айка тізімі» бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Айта кетейік, айыпталушы ретінде М. және Т. есімді азаматтар саналған болатын.

Тергеу органы М.-ны аса ірі мөлшерде психотроптық затты заңсыз иемденді, сақтады және тасымалдады, сондай-ақ 52 эпизод бойынша бір топ адамдармен жеңгетайлық жасады деп (ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі, 309-бабының 2-бөлігі, 1-тармағы) айыптады.

Ал, Т. -ға бір топ адамдармен 12 эпизод бойынша жеңгетайлыққа көмектесті деген айып тағылды (ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 309-баптың 2-бөлігі, 1-т.).

Сот отырысы жабық режимде өтті.

Сотталушы қыздарға “демеушілер” табуға, әлемді аралауға және өмірін жеңілдетуге уәде берген. Ал топқа кіру құны 300 доллар. Көрсетілген жеңгетайлық қызметі үшін сотталушы клиенттен түскен табыстың 40%-ын өзіне алып отырған. Ақшаның қалған бөлігі қызмет көрсеткен қызға беріледі. 

Айка 6 жыл 6 айға, ал оның сыбайласы 3 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желілерде «элиталық эскорт» қызметін ұсынғандар мен клиенттері деп аталған бірқатар тұлғаның жеке деректері көрсетілген «Айканың тізімі» тараған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →