×

Астанада көлік ұрлаған 32 жастағы әйел видеоға түсіп қалды

Тергеушілер бейнекамераларды қарап шықты

Астанада көлік ұрлаған 32 жастағы әйел видеоға түсіп қалды
Фото: ашық дереккөзден

Астанада 32 жастағы әйел көлік ұрлап кетті. Оның әрекеті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Байқоңыр аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны арызданды. Белгісіз біреу оның Seat Toleda маркалы көлігін ұрлап кеткен. Ер адам от алып тұрған көлігін аулада қалдырды. Ал қайтып келгенде оны таппай қалды. Ұрыны іздеуге қалалық полицияның жеке құрамы жұмылдырылды.

Тергеушілер бейнекамераларды қарап шықты. Көлік ұрлаған 32 жастағы әйелді анықталды. Ол ұрлаған көлігін Кравцов көшесінде тастап кетті. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды. Осы орайда полиция көлік жүргізушілерін қауіпсіздік шараларын сақтап, салонда кілтті қалдырмауға кеңес берді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Енді әйелін ұрып-соққандар айыппұл төлейді
14.06.2024ж. 13:18

Енді әйелін ұрып-соққандар айыппұл төлейді

Әдейі ұрып-соғуға және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге қатысты қылмыстық жауапкершілік көзделген
Видеода екі жігіттің бір-біріне мықтап жабысып, жұдырықтасып жатқанын көруге болады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →