×

Астанада «балам ауырады» деп 1,7 млрд теңге жинап алған әйел ақшаны пәтер мен көлікке жұмсаған

127 млн теңге қолма-қол ақша ретінде алынған

Астанада «балам ауырады» деп 1,7 млрд теңге жинап алған әйел ақшаны пәтер мен көлікке жұмсаған
Фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов «Хабар» арнасындағы «Талқы» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Астана қаласының тұрғыны Инстаграм парақшасы арқылы өзінің 2019 жылы туған ұлымды емдеймін деп ақша жинаған. Ұлы ресми органдарда мүгедек ретінде есепте тұрған жоқ. 2020 жылдан бастап оған 360 мың адам 1,7 млрд теңге ақша аударған. Ал баланың еміне қажетті ақша 50 млн теңге ғана. Оның ішінде Инстаграм парақшасын күнде дамытып, соған күніне 150 мың теңге жұмсап отырады екен. Осы мезгілде 333 млн теңге жұмсаған», - дейді ол.

Агенттік өкілінің айтуынша, 127 млн теңге қолма-қол ақша ретінде алынған. Тауарлар мен қызметтер үшін 101,5 млн теңге аударылған. Дүниелер сатып алған, дәмханаларға кеткен болуы мүмкін.

«Астана қаласында 2 бөлмелі пәтер, өзіне 2021 жылы шыққан Тойота Камри, күйеуіне Лекскс Рикс 300 (2021 жылғы) көлігін алып алған. Әлеуметтік желілерге хабар берген әйел де, күйеуі де ресми түрде еш жерде жұмыс істемейді. Аттарында еш кәсіпкерлік жоқ. Баланы емдеу үшін Мәскеуде 3,3 млн теңге, Түркияда 3,1 млн теңге жұмсаған. 6,4 млн теңгені баланы емдеуге кеткен», - дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды
Кеше, 17:00

Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды

Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 
Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →