×

Сарыағашта дәрігерлер белінен сарысу алған соң, 6-сынып оқушысы көз жұмған

Дерттің ең жеңіл түрімен жатқызылған Мәриям 10 күннен соң «менингиттен» қайтыс болған

Сарыағашта дәрігерлер белінен сарысу алған соң, 6-сынып оқушысы көз жұмған
Ашық дерекезден

 Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының Сарыағаш ауданындағы кездесуінде  тұрғындардың бірі дәрігердің жауапсыздығынан кішкентай қызы қайтыс болғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, 6-сынып оқушысы Мәриям Жұмаханқызы қаңтар айының 15-і күні «Гепатит А» диагнозымен аудандық ауруханаға жатқызылады.

Дерттің ең жеңіл түрімен жатқызылған Мәриям 10 күннен соң «менингиттен» қайтыс болған.

«Аудандық аурухананың дәрігерлері басында грипп деп айтады. Сосын белінен сарысу аламыз. Соны ғана білеміз деп айтады. Менингит деп диагноз қойып тұрғандарын, бірақ сенімді емес екендерін жеткізеді. Маған бұл ауру бойынша әрбір минут, секунд рөл ойнайтынын айтып, қол қойып бер дейді. Қызымнан сарысу алған соң, ертесінде көз жұмды. Өйткені миының бәрі іріндеп кеткен. Бұл білімсіздік. Алтыншы сыныпты үздік оқитын 10 жасар қызымнан үш күннің ішінде көз жазып қалдық. Осыған қатаң шара қолдануларыңызды сұраймын», - дейді Сарыағаш ауданының тұрғыны.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды баласынан айырылған анаға бұл істі арнайы комиссия құрып толық тексеретінін және кінәлілер анықталған жағдайда жай  ғана жұмыстан шығарумен құтылмайтынын айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті
Кеше, 15:20

Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті

Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған
Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған
Ол мас күйіндегі ер адам анасын ұрып-соғып, денесіне зақым келтірген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →