×

Алматыда жігітті ұрып-соққан қыздар ұсталды

Желіде видеосы тарады

Алматыда жігітті ұрып-соққан қыздар ұсталды
коллаж Qaz365.kz

Желіде қыздардың бір жігітті ұрып-соққан видеосы тарады. Оны өздері TikTok желісіне жүктеген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы журналист Михаил Козачков жазды. 

«Кадрда тағы бір жігіт байқалады. Ол жәбірленушіні мазақ етуге көмектескен сияқты. Кейбіреулер мұны балалық еркелік деп қабылдайды. Ал мен 293-бабының 2-бөлігі – адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған күш қолдану арқылы қоғамдық тәртіпті өрескел бұзуды деп білемін. Қарапайым тілмен айтқанда, бұзақылық қылмысы», - дейді Михаил Козачков.

Видеоның сипаттамасында оның Алматыда түсірілгені айтылған. Осыдан кейін Алматы қалалық полиция департаменті шұғыл әрекет еткен.

«Алматы полиция департаменті видеодағы кәмелетке толмағандардың қазірдің өзінде анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілгенін хабарлады. Тергеу шаралары басталды. Сотқа дейінгі тергеуді Түрксіб АІІБ «бұзақылық» бабы бойынша жүргізіп жатыр», - дейді Миахил Козачков.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →