×

Жезқазғанда бес жасар бала бір топ адамды көлікпен қағып кетті

Ол көлікті қол тежегішнен алып тастаған

Жезқазғанда бес жасар бала бір топ адамды көлікпен қағып кетті
Видеодан скриншот

Жезқазғанда бес жасар бала адамдарды көлікпен қағып кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі etozhez-ке сілтеме жасап.

Оқиға «Гранд Палас» мейрамханасының жанында орын алған, төрт адам зардап шекті.

Белгілі болғандай, бес жасар бала көлікті қол тежегішнен алып тастаған. Нәтижесінде көлік жаяу жүргіншілер тобын қағып кеткен.

«Аталған факті полицияда тіркелді. ЖКО салдарынан көз жұмғандар жоқ. Осыған қарамастан, түрлі дене жарақаттарын алған 4 жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп атап өтті Ұлытау облыстық ПД-да.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау басқармасында зардап шеккендердің саны бесеу екенін растады.

«5 адам зардап шекті. Бәрі тірі. Ішкі ағзалардың түрлі жарақаттары бар үш әйел адам амбулаториялық-емханалық емдеуде, ал төрт қабырғасы сынған ер адам травматология бөліміне жатқызылды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар зардап шеккендердің арасында бала бар, ол бас жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Бірақ Денсаулық сақтау басқармасында бұл көлікте болған бала ма, жоқ па, оны айтпады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
“Келінімізді араластырмауды сұраймыз”: Берденовті атты деген жігіттің әкесі мәлімдеме жасады
Кеше, 18:25

“Келінімізді араластырмауды сұраймыз”: Берденовті атты деген жігіттің әкесі мәлімдеме жасады

Мәлімдемеде әкесі ата-ана үшін бұл жағдай — нағыз ауыр соққы болғанын айтты
2022 жылы «Серік Голова» журналист Оралғайша Омаршанованы 2007 жылы өлтіргенін абақтыда айтты.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →