×

Алматыда ірі көлемде электронды темекі сатқан 2 тұрғын сотталды

55 мыңнан астам электрондық темекі табылған

Алматыда ірі көлемде электронды темекі сатқан 2 тұрғын сотталды

Қаржылық мониторинг агенттігі электронды темекіні ірі мөлшерде сатқандарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Агенттіктің мәліметінше, Алматы тұрғындары бірнеше ай бойы заңсыз кәсіпкерлік қызметті, яғни вейптерді көтерме бағамен сатуды заңсыз іске асырған. Бұған дейін Алматы қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында сауда және қойма үй-жайлары анықталған болатын. Ол жерлерден 55 мыңнан астам электрондық темекі табылып, тәркіленген.

Сот үкімімен қаланың 2 тұрғыны кінәлі деп танылды. Олардың біреуіне 3 450 000 теңгеден астам айыппұл түріндегі жаза, ал екіншісіне 1 жыл мерзімімен бас бостандығын шектеу және 100 сағат мәжбүрлі еңбек түріндегі жаза тағайындалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →