×

Ақтөбеде бұрынғы әйелін өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Сот үкімімен жәбірленуші тарап келіспеді

Ақтөбеде бұрынғы әйелін өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты
Фото: Ақтөбе облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Нұржан Хайруллаевқа үкім шықты. Ол бұрынғы әйелін қылғындырып өлтіріп, оқиға орнынан бой тасалаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында үкім оқылды.

«Нұржан Хайруллаев Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленсін. Жәбірленушінің талап арызы ішінара қанағаттандырылсын. Хайруллаевтан Сағымбаеваның пайдасына 318 062 теңге материалдық шығын, заңгердің көмегіне 500 мың теңге өндірілсін. Хайруллаевтан Сағымбаеваның пайдасына 20 млн теңге моральдық зиян өндірілсін», - деді судья Алтынбек Сабыров.

Алайда сот үкімімен жәбірленуші тарап келіспеді. Олар апелляциялық шағым түсірмек.

«11 жылды аз деп есептейміз. Сіңлім Айбану бар болғаны 26 жаста, өрімдей қыз еді. Артында екі қыз, бір ұлы қалды. Әрі қарай арызданамыз. Әкелік құқығынан айыруға арыз түсіреміз. Балаларын өмір бойы көрмесін. Қазір 6, 5, 3 жастағы балалары менің қолымда. Түнімен жылап шығады, іздейді. (...) Балалардың жағдайы өте қиын», - деді марқұмның әпкесі Сәуле Сағымбаева.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды
Бүгін, 15:24

Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды

Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған
Ол Аягөз гарнизонына қарасты әскери бөлімде ант қабылдаған
Абырой болғанда, ол аман қалды. 
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мектеп түлегінің соққыға жығылғанын растады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →